Заманауи жастардың рухани жаңғыруы

19 Желтоқсан 2018, 10:23 pm
337 рет оқылды

Мемлекет басшымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында фармацевтикалық және токсиколгиялық химия кафедрасы және кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи жастардың рухани жаңғыруы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының доцент м.а А.Д. Серикбаева және кітапханалық-ақпараттық орталығының оқырмандарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі Ж.К. Балымова ашып берді. 

1289 1

В- ФҚА-01-14 ЖТФ тобының студенттері Адамбек Б., Төлебай М. және В- ФҚБ -02-14 КФ студенті Жұманазар Н. тақырып бойынша материал жинақтап, дөңгелек үстел қатысушыларына презентация түрінде баяндады. Сонымен қатар, В- ФҚА-01-14 ЖТФ тобының студенті Бақыт Д. Заманның заңғар тұлғаларының бірі М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлең шумағын айтып өтті. 

1289 2

Тақырыптың өзектілігіне байланысты студенттер мен оқытушылар арасында қызу пікір талас болды. Іс-шара соңында қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ф.М. Қаратаева тақырып бойынша өз ойын қорытындылай келе, студенттер мен ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірді. 

1289 3

Материалға баға беріңіз
(5 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар