Назира Асанқызы Жаркинбекованы "Құрмет" орденімен құттықтаймыз!

19 Желтоқсан 2018, 11:53 am
358 рет оқылды

1288 2

1288 1

 

Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономиялық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарына өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. 

«Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Неврология, психиатрия и психиология» кафедрасының меңгерушісі,медицина ғылымның кандидаты, доцент Назира Асанқызы Жаркинбекова да бар. 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректораты мен ұжымы Назира Асанқызы Жаркинбекованы жоғары мемлекеттік наградамен құттықтайды! 

Қазақстанда және Түркістан облысында танымал неврологқа - білім беру және ғылыми кеңістікте табыстар, денсаулық және барлық жақсылықты тілейді!

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректораты мен ұжымы

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар