16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні

15 Желтоқсан 2018, 12:16 pm
474 рет оқылды

2018 жылдың 13 желтоқсанында академияның мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 

Алғашқы сөзді ЖОО ректоры, профессор М.М.Рысбеков сөйлеп, Қазақстанның даму кезеңіндегі маңызды жайттарды атап өтіп, қызметкерлерді құттықтап ОҚМА, ҚР ДСМ, Түркістан облысының грамоталарымен, ҚР ДСМ төсбелгісімен марапаттады.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева іс-шарада баяндама оқып, Еліміздің қалыптасу тарихындағы елеулі күндерге тоқталып, Елбасымыздың білім,ғылым,мәдениет, спорт сынды көптеген саладағы мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформаларды қабылдаудағы саяси жігерлігіне ерекше тоқталып өтті. 

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлері Тәуелсіздік жылдарындағы ел тарихы туралы бейнематериалдар көрсетті.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

1286 1

1286 3

1286 2

1286 4

1286 5

1286 6

1286 7

1286 8

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар