«Болашақ кәсіпкер: бизнесті құру және ашу»

3 Желтоқсан 2018, 10:34 am
47 рет оқылды

23.11.2018 ж «Жас Отан» ЖҚ 2021 жылға дейінгі жол картасында қойылған тапсырмаларды іске асыруды негізге ала отырып «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасы «Болашақ кәсіпкер: бизнесті құру және ашу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге «Фармация» факультетінің деканы Дәуренбеков Қ.Н., әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Е.Қ., «Алиар UCMAS компаниясының президенті» Усенова Г.К., Арыс қаласының №3 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Джеренова Р.О., кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы, медицина және фармация факультетінің студенттері қатысты. Іс-шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты жастардың бойында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту.

1270 1

1270 2

«Алиар UCMAS компаниясының президенті» Усенова Г.К өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, республикалық, өңірлік деңгейлердегі кәсіп саласындағы жаңалықтарды және болашақта әр маман, әр азамат менеджментті, инновациялық тәсілдерді бойына игергені дұрыс болатынтығына тоқтала отырып, кәсіпкер болу үлкен еңбекті, төзімділікті қажет ететіндігі жайлы айтты. Джеренова Р.О. қатысушыларға мотивациялық ойлар айтып, бизнеске деген қызығушылығын арттырып, дамыған елдер қатарына қосылу үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болашағымыздың кепілі екенін атап өтті. 301 «А» ЖМҚ тобы студенті Бесбаев Б.О. және 302 «А» ЖМҚ тобы студенті Әбдіқұл Б. «Болашақ кәсіпкер» тақырыптарында өздерінің дайындаған ақпараттарын презентация түрінде баяндап өтті. Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы меңгерушісі, м.ғ.д. Керимбаева З.А. қазіргі уақытта жастардың бойында кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру, дамыту және кәсіп негіздеріне үйрену бағыттарында елімізде бағдарламалар іске асырылып жатқанын айта өтті. 

Өткізілген іс-шара нәтижесінде студенттер кәсіпкерлік және кәсіп бастау жайлы пайдалы мәліметтерді алды.

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар