1 желтоқсан – «Тұнғыш Президент» күні

3 Желтоқсан 2018, 5:25 pm
23 рет оқылды

1271 1

2018 жылдың қараша айының 27 күні «Тұнғыш Президент» күніне орай академияның мәжіліс залында, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастырумен академия қызметкерлері мен студентеріне арналған Елбасының курстастарымен кездесу өтті.

1271 2

Іс-шараның мақсаты:

- Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, дара тұлға екенін таныту;

- Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру;

- Жастарды елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу;

Кездесуге Украинаның Днепродзержинск қаласының №8 техникалық училищесінде Н.Ә.Назарбаевпен бірге білім алған Аманәлі Әбдраманов, Марат Қыстаубаев, Әсетулла Каримов келді. 

1271 3

Қонақтарымыз Елбасымен бірге оқып қана қоймай, бірге жұмыс істеген. Олардың студенттік шақтағы достығы көпшілік жастарға үлгі.

Кездесу барысында қонақтарымыз Елбасының бойындағы ерекше қасиеттер мен соғыстан кейінгі жылдардағы ауыр жағдай мен, студенттік шақтарының қиын да қызықты сәттерін айтып берді. Студенттердің Елбасы жайлы, олар үшін өмірдегі ең басты мақсаттың не екені, күнді қалай жоспарлау керек, ең қызықты студенттік шақты қалай өткізуге болады деген сұрақтарына жауап берді.

1271 4

Кездесуден студенттер мен қызметкерлер Елбасы жайлы қызықты деректер біліп қайтты.

1271 5

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар