«Гиппократ» республикалық қашықтық олимпиадасы

22 Қараша 2018, 12:19 pm
55 рет оқылды

2018 жылдың 15 қазанынан 19 қазанына дейінгі аралықта «Urker mitec» зияткерлік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізбесіне (ҚР БҒМ 2018 жылғы 09 тамыздағы № 394) енген «IQ college» жобасының аясында медицина саласында білім алып жатқан студенттерге арналған «Гиппократ» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді. 

«Гиппократ» олимпиадасы – қандай да бір іріктеусіз медицина колледждерінің студенттері қатыса алатын зияткерлік сайыс.

Джуманкулова Н.Р. жетекшілігімен олимпиадаға медицина колледжінің қолданбалы бакалавриат мамандығының 2 оқушысы қатысты. Олар Қуаныш А.Б. және Сейілбек Н.Б. 

Олимпиада өткізілгеннен кейін қорытынды бір айдан соң жарияланып, оқушыларымыз «Гиппократ» Республикалық олимпиадасында III орын алғаны үшін дипломдармен және «Гиппократ» Республикалық олимпиадасының сертификаттармен марапаталды. Джуманкулова Нурсулу Раймбековнаға колледж окушыларының бойында білімге деген қызығушылық пен талпынысты қалыптастырғаны үшін «Urker mitec» зияткерлік орталығы алғыс хат жариялады.

1266 1

1266 2

1266 3

1266 4

1266 5

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар