«Қызықты көңіл – студенттік өмір»

16 Қараша 2018, 7:15 pm
106 рет оқылды

2018 жылдың 14 қараша күні ОҚМА АҚ жатақханасында Дәрілер технологиясы кафедрасы, Жастар саясаты бөлімі және «ОҚМА бітірушілері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай 5В110300 «Фармация» факультеті 4 курс тәлімгерлік топ студенттері және ОҚМА АҚ жанындағы «Медицина колледжі» 0306000 «Фармация» мамандығының 3 курс оқушыларымен «Қызықты көңіл – студенттік өмір» атты ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Тәлімгерлік сағаттың мақсаты: студенттер арасында достық байланыс қалыптастырып, көңілді студенттік көңіл-күй сыйлау.

1263 1

Ашық тәлімгерлік сағат студенттердің әртүрлі өнер көрсетіп, түрлі маусымдық безендіру қабілеттерін іске асырумен ерекшеленді. 1-4 лек студенттері және 3 курс оқушылары өнер көрсету және безендіру бойынша әртүрлі номинацияларды жеңіп алды.

1263 2

Студенттер мен оқушылардың өнерін Дәрілер технологиясы кафедрасының профессор л.а., фарм.ғ.к. Р.М. Анарбаева, Дәрілер технологиясы кафедрасының профессор л.а., фарм.ғ.к. И.А. Мартынова, 5В110300 «Фармация» факультеті деканының орынбасары, «ОҚМА бітірушілері қауымдастығы» ҚБ төрағасы, фарм.ғ.к. М.М. Сапақбай, ОҚМА АҚ жанындағы «Медицина колледжі» директоры А.М.Қошқарова, ОҚМА студенттер кәсіподағының төрайымы Б.С. Байымбетова, ЖСБ меңгерушісі Н.Ахметов бағалады. 

Байқау қорытындысы бойынша, «Керемет би», «Тамаша ән», «Ең қызықты көрініс», «Үздік безендіру» номинациялары беріліп, студенттер мен оқушыларға алғыс хаттар мен дипломдар берілді. 

«Қызықты көңіл – студенттік өмір» атты ашық тәлімгерлік сағат қонақтар мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен үлкен қуаныш сыйлады.

1263 3

Материалға баға беріңіз
(6 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар