МСАК бойынша Астана декларациясы - болашақ медицинадағы серпімді қадам

5 Қараша 2018, 5:19 pm
66 рет оқылды

Қазақстан астанасында медицина әлеміндегі тарихи жағдай орын алды. 25-26 қазанда Астанада өткен медико-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) бойынша Жаһандық конференцияға ДДСҰ (ВОЗ) мүше 146 елдер делегаттары, 2000 аса қатысушылар бас қосты. 

Конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев бейне-байланыс жүйесі арқылы өз сөзін арнап: «Халықтың денсаулығын қолдауды қамтамасыз ету – ұлттың орнықты дамуы мен әл-ауқатының өсуінің негізі. Мен барлық елдердің көшбасшыларын мұны мемлекет саясатының басты басымдығы ретінде белгілеуге үндеймін», - деп атап өтті.

1258 1

Астанада өткен іс-шараның «Жаһандық конференция» деп аталуы кездейсоқ емес. БҰҰ (ООН) аясына әлемдік медицина қауымдастығы ғана емес, сонымен бірге, мемлекеттік үкімет басшылары да тартылған. 

2 күн бойы медициналық қауымдастық мүшелері МСАК бойынша Алматы декларациясы 40 жылдығының нәтижесін шығарып, әлемдік қауымдастыққа Астана декларациясының жаңа жобасын ұсынды. 

1258 2

Конференцияда Жоғары деңгейлі Үкіметтік Пленарлы сессиясы, 6 пленарлы сессиялар, 4 министрлік параллелді сессиялары, 19 параллелді сессиялар ұйымдастырылып, онда Астана декларациясы бағыттары қарастырылып, МСАК іске асыру мәселелері мен күтілетін нәтижелері талқыланды. 

1258 3

1258 4

Жаһандық конференцияға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан ректор, профессор Рысбеков М.М., жалпы тәжірибелі дәрігер-2 кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Досыбаева Г.Н. және фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Ордабаева С.К. қатысып қайтты.

1258 5

Сессия қатысушылары инфекциялық емес аурулардың, соның ішінде қан айналымы жүйесінің, тыныс алу, онкологиялық патологиялардың алдын-алу және емдеудің заманауи жетістіктерін ендіру мәселелерін талқылады. МСАК іске асыру сандық технологияларды енгізуге (медициналық ақпараттық жүйелер, жедел ұсыныстар және басқа), көрсетілетін медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, оның ішінде, эффективті, қауіпсіз және сапалы дәрілік препараттармен қамтуға тәуелді екенін айтып өтті.

1258 6

Денсаулық сақтау жүйесінің негізі ретінде МСАК дамуы үшін кадрлық ресурстар, медицина саласында білікті мамандар даярлау, оларға қажетті жағдайлар мен марапаттаулар жасау, МСАК инвестициялау және қаржыландыру және т.б. маңызды орын алады. Іс-шара көптеген кездесулер, талқылаулар, медициналық және фармацевтикалық саладағы мамандардың білім беру ұйымдары, үкімет органдары, қаржы ұйымдары өкілдерімен пікір алмасуларымен жалғасты. 

1258 7

Материалға баға беріңіз
(4 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар