Башқұр мемлекеттік медицина университетіне академиялық ұтқырлық

10 Қазан 2018, 9:30 pm
44 рет оқылды

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Абуова Г.Н. және кафедра доценті Бердалиева Ф.А. 2018 жыл қазан айының 1-6 күндер аралығында, академиялық ұтқырлық аясында Башқұр мемлекеттік медицина университетінде болып келді. 

1243 1

БММУ жұқпалы аурулар кафедрасында инновациялық әдістерді: қосарланған дәріскер дәрістер, дәріс-тренинг,  CBL, TBL қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар өткізілді.

1243 2

Башқұр мемлекеттік медицина университетінде ФГБУ қаржылық қолдауымен «Ресейлік іргелі зерттеулерінің қоры», № 18-015-20032 жоба, грант жетекшiсi профессор Хасанова Гузель Миргасимовна, «Иммунология және инфектологияның іргелі және тәжірибелі сұрақтары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның негізгі ұйымдастырушысы БММУ. Конференцияны бірлесіп ұйымдастырушылар: Ұлттық ғылыми инфекционистер мектебі, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы. Конференция аясында Ресей  жетекші мамандардың қатысуымен жұқпалы аурулардың Ұлттық мектебі өткізілді.

1243 3

1243 4

БММУ ректоры, РҒА корр.мүшесі Валентин Николаевич Павлов 5 қазан күні ОҚМА өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар академиялық ұтқырлық дамуын және алдағы уақыттағы университет аралық әріптестіктің сұрақтарын талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша университет аралық ғылыми жобаларды ұйымдастыру және бірігіп зерттеу жоспары құрылды.

1243 5

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар