Рухани жаңғыру студенттер көзімен

8 Қазан 2018, 2:12 pm
51 рет оқылды

Осы жылдың 4 қазан күні ОҚМА кіші мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру студенттер көзімен» тақырыбында ғылыми жобалар байқауы өтті.

1240 2

Байқауға академия қабырғасында оқып, ғылыммен айналысатын 7 студент қатысты. Байқау екі бөлімнен тұрды: 1.Теория(слайдпен жұмыс);

2. Тәжірибе (бейнефрагмент немесе макет);

Байқау барысында студенттер өздерінің білімділігі мен ғылымға деген қызығушылықтарын көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 

І орынды Фармация мамандығының 3 курс студенті Искаков Ришат, ІІ орынды Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 3 курс студенті Каримов Арифжан, ІІІ орынды Жалпы медицина мамандығының 3 курс студенті Аманбаев Тимур иеленді. Байқауға төрелік еткен ОҚМА ғылыми-клиникалық бөлімінің меңгерушісі У.А. Ходжакулова байқауға жақсы пікір білдіріп, студенттерді алдағы уақытта оқумен қатар ғылыммен айналысуға шақырды. Қатысушылар Ректордың алғыс хатымен, жеңімпаздар Диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

1240 1

1240 3

1240 4

1240 5

1240 6

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар