Мейіргер ісі бойынша конференция

8 Қазан 2018, 12:45 am
152 рет оқылды

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы (Астана қ.) «Науқасқа бағытталған мейіргерлік күтімнің жаңа моделі» тақырыбында конференция өткізді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: ҰҒКО-ның мейіргер ісі жөніндегі директоры мен мейіргер ісі мамандары, ОҚМА-ның «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен студенттері.

ҰҒКО-ның Мейіргер ісі жөніндегі директоры Гүлнұр Нәдірбекова конференцияға қатысыушыларды құттықтай отырып, «Мейіргер ісі дамуының жаңа парадигмасы: дәлелдемелерден әрекетке» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға қатысушыларды ҰҒКО-дағы мейіргерлік қызметтің жаңа құрылымы, мейіргерлердің санының науқастарға арақатынасы, құрылған жұмыс топтары, дәрігерлерден мейіргерлерге өкілеттілікті беру сұрақтары қызықтырды.

1239 1 

Конференция жұмысында ҰҒКО-ның мейіргер ісінің мамандары қатысты. Олар мультидисциплиналық топтардың жұмысын, жаңа технологияларды енгізумен, мейіргер мәртебесін арттыру және қызмет ауқымымен жауапкершілік деңгейін кеңейту байқалды.

Конференцияға Шымкент қаласының бас және аға мейіргерлері шақырылды. Конференцияның 250 қатысушылары мейіргерлік қызметті басқару, мейіргерлердің білімін бағалау, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мейіргердің рөлі, мейіргерлік білім беру мәселелерін талқылады.

«Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А.Сейдахметова «Мейіргер ісі» мамандығының білім беру бағдарламалары» тақырыбында баяндама жасады. Бірге жұмыс жасау меморандумына қол қойылды. Конференцияның барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

1239 2

1239 3

1239 4

1239 5

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар