22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдерінің күні

23 Қыркүйек 2018, 11:53 am
211 рет оқылды

1998 жылдың 20 қаңтарында Республика Президентінің жарлығымен 22 қыркүйек – жыл сайын тойланатын Қазақстан халықтары тілдерінің күні болып белгіленді.

Бұл барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі және оның негізінде мынадай идея жатыр: әрбір тіл – бұл бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосқан баға жетпес үлесі.

1220 1

Қазақстан халықтарының тілдері күнін тойлау шеңберінде қазақ, орыс және латын тілдері мен шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 17–22 қыркүйек аралығында «Мәңгілік елдің – тілі де мәңгілік» тақырыбында апталық өткізілді.

Апталық шеңберінде академия студенттері мен колледж оқушыларының арасында мынадай іс-шаралар өткізілді: тақырыптық қабырға газеттерінің көрмесі, «Үш тіл – үш тұғыр» тақырыбы бойынша өлеңді мәнерлеп оқу, «Туған тілім – айбыным» тақырыбында шығарма жазу сайысы. Аталған іс-шараларға 50-ден астам студенттер белсене қатысты.

Апталық қорытындылары бойынша «Үш тіл – үш тұғыр» тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқу сайысында үздік деп танылған студенттер: Оразова Әдемі – «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенті, Дрыгина Анастасия – «Фармация өндірісінің технологиясы» мамандығының 1 курс студенті, Толыбаева Арайлым – «Фармация» мамандығының 1 курс студенті. Әрбір қатысушы өзінің сүйікті ақындарының шығарамаларын талапқа сай орындап шықты.

«Туған тілім – айбыным» тақырыбы аясында үздік шығарма жазу сайысы бойынша жеңімпаз атанған студенттер: Гайсаева Аделия – «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс оқушысы, Отарбаева Дарина – «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенті, Маратқызы Әсел – «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенті.

1220 2

Апталықтың алғашқы күнінен бастап қабырға газеттері ілінді. 30-дан астам тақырыптық қабырға газеттер арасында ресімдеу және тақырыпқа сәйкестік жағынан бас жүлдені иеленгендер: «Фармация өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша 102 тобының студенттері, «Фармация өндірісінің технологиясы»» мамандығы бойынша 105 тобының студенттері, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 102 тобының студенттері. 

Апталық қорытындысы анықталып, жеңімпаздар марапаттталды. Қазақ, орыс және латын тілдері мен шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен мерекелік концерт болды.

1220 3

Өткізілген апталық әрбір халық – бұл қайталанбас дәстүр, мәдениет, тарих және тіл екендігін растады. Және оны сақтап, болашақ ұрпақтарға жеткізу – бүгінгі куннің басты мақсаты.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар