ОҚМА-ға қош келдіңіз!

5 Қыркүйек 2018, 4:54 pm
155 рет оқылды

1198 1

2018 жылдың қыркүйек айының 1 күні «30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституция күн» мен «1 қыркүйек – Білім күніне» орай академияның үлкен мәжіліс залында, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен,  І курсқа қабылданған студенттерге арналған салтанатты жиын өткізілді.

1198 2

Іс-шара алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес әр факультет жеке-жеке уақытымен өткізілді.  Салтанатты шараны ректор, профессор М.Рысбеков ашып, медицина факультетінің деканы Б.З.Долтаева, фармацевтика факультетінің деканы Қ.Дәуренбеков, медицина колледжінің директоры М.Ә.Отыншиев оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Ата заң», «Мәңгілік ел» тақырыптарында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Н.Абдурахманов пен Б.Өтегенов баяндама оқыды.

1198 3

Кітапхана-ақпараттық орталығының басшысы Р.И.Дарбичева кітапхана жүйесімен, кітап қорымен таныстырып, қалай пайдалануға болатынынан хабардар етті. Шараның соңы ЖСБ қызметкерлерінің орындауымен әсем әнге ұласты. Белсенді студенттер әр топты бөліп алып, академия ғимараттарының орналасқан жерін, асхана, кітапханамен таныстырып шықты (қамтылған студенттер саны - 800).

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар