Ақ жол, 2018 жас түлегі!

12 Шілде 2018, 4:13 pm
298 рет оқылды

2018 жылдың 4-10 шілде күндер аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 2018 жылғы түлектерді шығарып салу, диплом табыстау рәсіміне арналған салтанатты жиындар кезеңі өтті. Биылғы жылдың ерекшелігі - интернатура және магистратура түлектеріне салтанатты жиын «Абая» саябағындағы Дәрігерлер аллеясында орналасқан қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріне жүйрік тарихшысы, емші, «Шипагерлік баян» кітабының авторы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ескерткіші маңында өтті.

1190 1

Салтанатты жиын бағдарламасы өте жүрекке әсерлі, ешбір жанды бей-жай қалдырмайтын көріністен құралды. Түлектерге жылы лебіздерін академияның құрметті қонақтары: «ОҚМА» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, тех.ғ.докторы Сейтжанов Керімжан Сейтжанұлы, ҚР Парламентінің сенаторы Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы, ҚР Парламент сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, «Оңтүстік» медицина қызметкерлерінің қауымдастық қоғамының төрағасы Төлеев Икрам Төлеұлы, сонымен қатар   ОҚМА ректоры М.М.Рысбеков, проректорлар Ж.Б.Бапаев, М.Ұ.Анартаева, Б.Қ.Нұрмашев білдіріп, үздік дипломдарды табыстады. Ректор 5 жыл бойы белсенділігімен танылған, қоғамдық жұмыстарды жауапкершілікпен атқарған түлектердің ата-аналарына алғыс хат пен гүл шоқтарын ұсынды. 

1190 2

Осындай қуаныш үстінде Анашов Төлебидің орындауында «Студенттік өмір» әні айтылып, түлектердің құрметіне 5 жыл бойы өткізген іс-шараларынан естелік суреттер презентациясы жасалды. 

1190 3

Түлектердің ата-аналары тарапынан ұстаздарға, академия басшылығына, деканаттарға, барлық қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, академияның дамуына, кеңеюіне, дәрежесінің жоғарылай беруіне тілектерін білдірді. Балаларының қуаныштарына ортақтасып, көздеріне жас алды. Ата-аналар құрметіне «Аяулы ана» әні тарту етілді. 

1190 4

Салтанатты жиынның ең маңызды сәті Дәрігер антын қабылдау. Түлектер орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрекке қойып ант қабылдады. Түлектердің атынан курс көшбасшылары ұстаздарға алғыс білдіріп, бастарын иді. 

1190 5

Диплом табыстау рәсіміне арналған салтанатты жиын: магистратура, интернатура, медициналық, фармацевтикалық  факультеттерге қарасты мамандықтарға, медицина колледжі түлектерінің құрметтеріне ұйымдастырылып өткізілді. 

Жас маман! Жолыңыз ашық, қызметте абыройлы, еңбегіңізге адал болып, дипломыңыздың жемісін көріңіз! Еліміздің патриоты болады деп сенеміз! 

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар