Қазақстан Республикасының мейіргер ісі жөніндегі I халықаралық конференциясы

29 Маусым 2018, 2:48 am
81 рет оқылды

2018 жылдың 22-23 маусымы Қазақстанның Астана қаласында алғаш рет мейірбике ісі жөніндегі 1-ші халықаралық конференция өтті. Конференцияға. қатысушы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов , Қазақстанда елеулі реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті, сонымен қоса шұғыл медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі А.А. Сейдахметова спикер ретінде қатысты. Конференцияға АҚШ, Канада, Финляндия, Швейцария, Польша, Белоруссия және басқа елдердің сарапшылары, ДДҰ және ЮНИСЕФ өкілдері, медициналық жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың оқытушылары, жоғары медициналық колледждер, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, бас дәрігерлер, дәрігерлер, медбикелер, қоғамдық ұйымдардың және қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Шамамен 500 қатысушылар үшін пленарлық және секциялық отырыстың екі күндік конференциясында, мейіргерлік қызмет көрсетуді басқару, білімін бағалау, мейіргерлерді сертификаттау және лицензиялау, медициналық қызметінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, дәрілік заттардың қауіпсіздігі, патронаждық қызмет көрсетуді дамыту тақырыбында пікірталастар жүргізіліп сұрақтар талқыланды, А.А Сейдахметова «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша құзыреттілік тәсіл негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі тақырыбы бойынша презентация жасады.

1183 1

1183 2

1183 3

1183 4

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар