СЕРІКТЕС ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

27 Маусым 2018, 7:20 pm
113 рет оқылды

28.05.2018-12.06.2018 ж. аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Фармация» мамандығының 5 курстың ең үздік студенттері - Алимхан Асылзат, Жұмабаева Нұрдаулет, Тұрганбаева Сұлтан, Мырзахан Нәзік және Байболат Ұлданаға – жетекшілері фарм. ғ.к., профессор м.а. К.К.Орынбасаровамен бірге Пятигорск медико-фармацевтикалық институтында Волгоград мемлекеттік медициналық университетінің филиалы (ПМФИ, Ресей Федерациясы)  Фармакогнозия және бротаника кафедрасының базасында «Фармакогнозия» өндірістік тәжірибесінен өту құрметі мен жауапкершілігі бұйырды.

Тәжірибедегі студенттер өндірістік тәжірибе бағдарламасын толығымен орындап, ПМФИ ботаникалық бағында жұмыс істеп, түрлі фармакопиялық, дәрілік және сәндік өсімдіктерді егіп өңдеу және өсіру жағдайларымен танысты.

Студенттер ботаникалық бақта агротехнологияны үйренумен қатар, дәрілік өсімдіктерге макроскопиялық және микроскопиялық талдаулар жүргізіп өздерінің білімдерін бекітіп, дәрілік өсімдіктерді зерттеу дағдыларын қалыптастырды.

Орынбасарова К.К. және 4-5 курс студенттері ПМФИ 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға да қатысты. Мерейтойға арналған іс-шаралар шеңберінде ұлттық мәдениет Фестивалі өтті, онда ПМФИ-дағы 13 диаспора мен автономиясы қатысты. Қызықты да тартымды номерлер көрсетіліп, түрлі ұлттардың: Қазақ, Славян, Ингуш, Грек, Вьетнам, Осетин, Карачаево-Балкар, Марокка, Дагестан, Армян, Чечен, Черкес және Өзбек - тәтті тағамдары дайындалды.

1182 1

5 курс студенті Жұмабаев Нұрдаулет «Өсиет өлеңін» (Ыбырай Алтынсарин) оқыды.

ПМФИ директоры профессор В.Л.Аджиенкомен кездесу барысында біздің академиямен ынтымақтастық Меморандумына қол қойылып, одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Серіктес институтпен қарым-қатынасты одан әрі дамыту және нығайту, фармацевтика саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау саласында жаңа бағыттар мен ынтымақтастық нысандарын іздестіру өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.   

Қабылдаушы тарапқа ПМФИ-ның Фармакогнозия және ботаника кафедрасының меңгерушісі проф. Д.А.Коновалова мен кафедра қызметкерлеріне алмасу бағдарламасын ұйымдастырып,  жылы қабылдағаны үшін алғысымызды білдіреміз. 

1182 2

Студенттер тәжірибе дәрілік өсімдіктерді зерттеу саласындағы өздерінің білімі мен дағдыларына сенімділіктерін арттыруға көмектескенін атап өтіп, Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институтында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсынғаны үшін академия басшылығына зор алғысын білдірді.

Жастар академия басшылығына және ОҚМА ректоры М.М.Рысбековтің жеке өзіне, жаңа білім алуға және Ресейдегі жетекші фармацевтикалық жоғары оқу орындарының бірінде өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігін бергеніне  шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар