Фармацевтикалық өндірістің технологиясы кафедрасында көптілділік енгізу туралы

26 Маусым 2018, 5:25 pm
95 рет оқылды

Бүгін, 2018 ж фармацевтика факультеті түлектерінің дипломдық жобаларын қорғау барысында «5В074800 - фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттердің баяндамалары Сарбасова Гаухар мен Шаназарова Шахсанамның жұмыстары ағылшын тілінде жасалды, өйткені диплом жобаларының өзі де ағылшын тілінде орындалды. Бұл жұмыстардың рецензенті шетелдік сарапшы, профессор Данаил Дончев оларға жоғары баға 95-96 балл берді. 

1181 1

Бұл кафедрада дипломдық жобалар ағылшын тілінде екінші жыл бойы дайындалып қорғалуда, яғни  2017 жылы 3 түлек ағылшын тілінде дипломдық жобаларын дайындап, сәтті қорғап шықты.

Бүгінгі күні дипломдық жобаларды қорғау кезінде МАК мүшелерімен қатар, академияның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша проректоры Сейтжанова Жанна Серикжановна және Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық Басқарманың басшысы Ахметова Алма Абдукаримовна қатысты.

1181 2

Баяндама аяқталғаннан кейін студенттер ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде берілген барлық сұрақтарға 3 тілде жауаптар берді, бұл фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасында көптілділік енгізудің айқын көрінісі болды. 

Біздің бітірушілерге болашақта кәсіби қызметте, өз білімдерін жоғары білікті мамандар ретінде жалғастыруға тілектеспіз.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар