Дипломдық жобаларды қорғау - бұл мамандыққа алғашқы қадам

21 Маусым 2018, 4:29 pm
76 рет оқылды

Кеше 2018 жылы маусым айының  20-шы жұлдызында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында фармацевтика факультетін «5В074800 - фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 2018 жылғы бітіруші түлектердің дипломдық жобаны қорғаудың бірінші күні өтті. Өздерінің қысқаша (7 минут) баяндамаларында студенттер жалпы және арнайы инженерлік пәндер бойынша терең білімін және кәсіптендірген пәндер бойынша өздерінің дағдыларын көрсете алды. Студенттердің дипломдық жобаларының жетекшілері мен кеңесшілері ФӨТ кафедрасының меңгерушісі проф.м.а. Торланова Ботагөз Оңғарқызы және кафедраның жетекші доценттері болып табылады. 

1178 1

Қорғаудың бірінші күні сәтті аяқталды - төрт баға «өте жақсы» және екі баға - «жақсы». Бұл түлектерге «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «техника және технология академиялық бакалавры» дәрежесі берілді. Енді оларға үлкен өмірге жол ашылды, онда олар алған білімдері мен дағдыларын жүзеге асыра алады. Ал қалған студенттерге дипломдық жобаларды сәтті қорғауды тілейміз.

1178 2

1178 3

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар