Ардагерлердің бастауыш ұйымдарының байқауы

7 Маусым 2018, 7:01 pm
39 рет оқылды

30.05.2018 ж. Шымкент облыстық кітапханасында ардагерлердің бастауыш ұйымдарының байқауы ұйымдастырылды. 228 бастауыш ұйым арасынан топ жарған 8 бастауыш ұйым сынға түсті. Байқауда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының  Ардагерлер кеңесінің төрағасы м.ғ.д., профессор Н.Ж. Орманов бастауыш  ұйымның жұмысы туралы есеп берді. Ұйымның әлеуметтік алға жылжуына, мәдени өркендеуіне, инфрақұрылымдық дамуына ардагерлер ұйымы ықпалын тигізеді.

1072 1

«Қариясы бар елдің қазынасы бар», «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» – деген киелі сөздер бар. Біздің ардагерлер ұйымымыздың еңбектері келешек жастарға көрсетер үлгісі мол.

1072 2

Еселі еңбекке – лайықты марапат. Сайдың тасындай іріктеліп шыққан Н.Ж. Орманов басқарған ұйым «Ырыс алды  - ынтымақ» атты  ынталандыру дипломымен, сертификатымен марапатталды.

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар