«Алғашқы медициналық санитарлық жәрдем-жағдайы және даму перспективалары» туралы видеоконференция

1 Маусым 2018, 11:57 am
78 рет оқылды

2018 жылдың  31 мамыр күні ОҚМА-да  Жалпы дәрігерлік практика -1 кафедрасы ДДҰ Алматы декларациясын қабылдауының  40 жылдығына орай «Алғашқы медициналық санитарлық жәрдем-жағдайы және даму перспективалары» атты видеоконференция өткізді.

1167 1

ОҚМА-ның  ЖТП-1 кафедрасы мен ЖТП-2 кафедраларымен және басқа да Қазақстанның АМСЖ кафедраларының өкілдерімен бірлесе отырып: АМУ ЖТД-1( Астана қ.), С.Д. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ-нің ЖТД-2(Алматы қ.) бірге АМСЖ деңгейінде өзекті мәселелерді, жағдайын және әрі қарай даму перспективалары мен бірлесе жұмыс жасауын талқылады.

1167 2

Конференцияда онлайн-тәртіпте кафедралардың білікті  қызметкерлері АМСЖ деңгейіндегі медициналық білім беру мен ғылымның,  тәжірибелік денсаулық сақтаудың интеграция сұрақтары, тақырыптың  өзекті мәселелері бойынша өз баяндамаларын жасады.

1167 3

Видеоконференцияға қатысушылар Қазақстанның әр аймағында АМСЖ деңгейінде өз жұмысының тәжірибелерімен бөліседі. Талқылауға м.ғ.к., доценттер – Н.В.Югай, Н.Ш.Бектибаева, Ш.Х.Рамазанова, докторант Ж.Б.Бекбергенова,  клиникалық  кафедралардың ПОҚ құрамынан Д.Д.Ешимбетова, А.А. Есетова және т.б. қатысты. 

1167 4

«G-Global» интернет-жобасы үлкен топтартарда  АМСЖ нің  өзекті мәселелері жайында конференцияға қатысушылардың өз ойларын тыңдауға мумкіндік береді.

1167 5

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар