ЖОҒАРЫ ОҚ ОРЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ «МЕДИЦИНАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР» АТТЫ ҒЫЛЫМИ – ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

29 Мамыр 2018, 5:05 pm
145 рет оқылды

2018 жылдың 24-ші мамыр күні Оңтүстік – Қазақстан Медицина Академиясы және Қ.А. Ясаи атындағы ХҚТУ ШМИ, жоғары оқу орындары арасындағы «Медицинадағы өзекті мәселелер» тақырыбына ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді.

1166 1

Конференцияны ұйымдастырушылар: ОҚМА-ның кафедралары:  жедел медициналық көмек және мейіргер ісі, фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология, ішкі аурулар пропедевтика. Халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедралары: хирургия және анестезиология - реанимация, терапия.

Конференцияны өткізудегі мақсаты:

Қатысушылардың білім деңгейін және біліктілігін арттыру.

Ғылымның немесе өмірдің белгілі бір салаларында қызығушылық тудыруы үшін ынталандыру.

Идеялармен алмасып, бірлескен зерттеу бағыттарын іздеу және ынтымақтастықты нығайту.

Жаңа байланыстар орнату және жастарды ғылыми зерттеулерге тарту.

Бағдарламаға Қазақстан университеті студенттері, магистранттары, интерндері және докторанттарының баяндамалары кірді.

1166 2

Конференция жұмысы мына кісілердің президиумның құттықтау сөзінен басталды, ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Нурмашев Б.К., Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі - Қауызбай Ж.Ә., фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі - Керимбаева З.А., ХҚТУ-ны хирургия және анестезиология-реаниматология кафедрасының меңгерушісі - Сатханбаев А.З., ХҚТУ жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру деканы - Сариева А.А.

1166 3

Пленарлық мәжілісте жас ғалымдардың баяндамалары тыңдалды: Жұмағұл Қ.К., Ходжакулова У.А., Аннаоразов Ы.А., баяндамалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде болды. Бұдан әрі жұмыс: клиникалық терапия, клиникалық хирургия, парамедициналық ғылымдар, мейіргер ісі бөлімдерінде жалғастырылды.

Клиникалық терапия бөлімінде 12 баяндама тыңдалды. Конференцияның ұйымдастыру комитетінің дауыс беруі бойынша «Стеатогепатиттің емі». тақырыбында Осиипова Адилханның баяндамасы ең үздік ауызша баяндама болды таңдалды.

Клиникалық хирургия бөлімінде 18 баяндама тыңдалды. Конференцияның ұйымдастыру комитетінің дауыс беруі бойынша Дүйсейбеков Мұраттың «Новый метод профилактики и лечения спаечной болезни брюшной полости» тақырыбы бойынша баяндамасы үздік ауызша ғылыми есеп ретінде танылды.

Парамедициналық ғылымдар бөлімінде 18 баяндама тыңдалды. Конференцияның ұйымдастыру комитетінің дауыс беруі бойынша Жұмағұл Қ.К.-ның «Ағзаның дәрілер мен ксенобиотике даралық сезімталдығының жағдайына байланысты фармакотерапияның өзекті мәселелері»тақырыбындағы баяндаманы ең үздік ауызша баяндама етіп таңдалды.

Мейіргер ісі бөлімінде 12 баяндама тыңдалды. Конференцияның ұйымдастыру комитетінің дауыс беруі бойынша «Мейіргер ісі бакалаврын дайындауда еңгізілген озық клиникалық тәжірибелердің нәтижелерін бағалау»тақырыбындағы Байдалиева М.Г.-ның баяндамасы ең үздік ауызша баяндама болып танылды. Конференцияның барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

1166 4

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар