Уфа студенттерінің Қасқасумен танысу саяхаты

25 Мамыр 2018, 3:50 pm
78 рет оқылды

22 мамыр күні Башқұрстан мемлекеттік медицина университетінен ОҚМА академиялық ұтқырлық аясында оқитын  студенттер фармакогнозия кафедрасының оқытушыларымен бірге Төлеби ауданының Керегетас ауылының Қасқасу ауыл округында орналасқан дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және өңдеу оқу – кәсіптік базасымен танысуға барды.

1157 1

18 мамырдан 25 мамыр аралығында кәсіптік практиканы өтіп жатқан «Фармация» мамандығының 5 курс студенттері фармакогнозия оқытушыларымен бірге Қасқасу базасы орналасқан өңірге танысу мақсатында саяхат жасады.

1157 2

Уфадан келген қонақтарды сол өңірдегі дәрілік өсімдіктермен таныстырды, студенттер жинаған дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, гербаризациялау және монтировкалау жұмыстарын бірге жүргізді.

1157 3

Уфадан келген студенттерге біздің жазғы базамыз өте ұнады және өздері оқитын жоғары оқу орнының әкімшілігіне БММУ практика өткізетін базалар тізіміне Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Қасқасу базасын енгізуге ұсыныс жасайтындығын айтты.

1157 4

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар