РОӘК Оқу-әдістемелік ұйымының «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» мамандықтарының тобы бойынша көшпелі мәжілісі

21 Мамыр 2018, 11:12 am
114 рет оқылды

ОҚМА-да Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Оқу-әдістемелік ұйымының көшпелі мәжілісі өткізілді. Мәжіліске РОӘК ОӘҰ мүшелері мен Қазақстан медициналық ЖОО-ның өкілдерінен құралған 40-тан астам адам қатысты.

1155 1

Мәжілісте медициналық ЖОО-ның академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестікке кезеңдік өтудің жоспарын жүзеге асыру мәселелері, құрылымдық бөлімшелерді ақпараттандыру, цифрландыру мәселелері, «Адами ресурстарды стартегиялық басқару» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.  ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы ұсынған денсаулық сақтау саласындағы біліктіліктің салалық шеңберінің жобасы қызу талқыланды. 2017 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың ЖМБМС енгізу мәселелері бойынша, профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін жоғарылату, жоғары және жоғары білімнен кейін білім беру бағдарламаларына іріктеу және қабылдаудың жаңа ұстанымдарын енгізу бойынша маңызды шешімдер қабылданды. 

Атаулы күннің екінші жартысында медициналық ЖОО Ректорларының Кеңесі өтті, онда ғылым мен білімнің өзара қатынасы туралы мәселелер, медициналық ЖОО кітапханаларының бірыңғай виртуалды кеңістігін құру мүмкіндіктері, дайындау бағдарламаларының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды. 

1155 2

Мәжіліске қатысушылар Santo сауда белгісімен «Химфарм» АҚ өндірістік аумағын аралады. Медициналық ЖОО мен Қазақстандағы ірі фармацевтикалық зауыт фармацевтикалық өндіріс, логистика, дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету саласындағы мамандардың жаңа толқынын қалыптастыру үшін тығыз қарым-қатынас қажет екендігін екі жақ атай отырып, кәсіби тәжірибе аясында кадрларды бірігіп дайындау мәселелері талқыланды.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар