Менің қорғаным! Менің жеңісім!

14 Мамыр 2018, 6:15 pm
79 рет оқылды

2018 жылдың 4 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр - Жеңіс күніне» арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Биылғы жылы еліміз ҚР Қарулы күштерінің 26 жылдық мерей тойын тойлап жатса, Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 73 жыл толып отыр.  Қос мерекені атап өту үшін академия ұжымы, ер азаматтар қауымы және Чернобыль, тәжік-ауған соғысының ардагерлері жиылды. ОҚМА ректоры, профессор М.М.Рысбеков салтанатты іс-шараны ашып, ардагерлерімізді алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

1148 1

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, қаһарман бабаларымыз бен батыр қыздарымыздың бастан кешкен оқиғалары туралы сахналық қойылым қойылды. Сонымен қатар, ҚР Қарулы күштеріне, Ұлы Отан соғысы мен батырлар жайында әндер айтылып, бейне баяндар көрсетілді.

1148 2

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар