«Пресс-конференция» белсенді оқыту әдісі ретінде

8 Мамыр 2018, 5:50 pm
78 рет оқылды

Проф. С.К. Ордабаеваның жоспарлы ашық дәрісі ағымдағы оқу жылында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Табиғи биологиялық белсенді қосылыстарды талдау» пәні бойынша өтті.

Дәрісте белсенді әдістердің бірі – пресс-конференция түрін қолдану  студенттер мен оқытушылардың ерекше қызығушылығын туындатты. Студенттерге дәріс тақырыбы бойынша өздерінің сұрақтарын дайындау үшін алдын-ала үлестірме мәліметтері таратылды.  

1143 1

Лектор дәрістің басында 3-5 минут ішінде мағыналық мазмұнына қарай сұрақтарды іріктеп алды. Материалды таныстыру әрбір сұраққа жауап ретінде емес, тақырып мазмұнын ашатын бір-бірімен байланысқан сұрақтардан қалыптастырылды.

1143 2

Студенттер дәрілік препараттарды идентификациялау мен сандық анықтауда химиялық реакциялардың жүру механизмдері мен жағдайына қызығушылық танытты. Дәрілік заттардың тазалық мәселесі қоспаларға байланысты болғандықтан, дәрілік заттарды алу мәселесі ерекше орынға ие болды. Химиялық құрылысы мен фармакологиялық белсенділігінің өзара байланысын зерттеу нәтижесінде алынған және медицина тәжірибесіне табиғи биологиялық белсенді қосылыстардың көптеген синтетикалық аналогтарының енгізілуі студенттер арасында әрдайым қызығушылық туындатады.

1143 3

Оқылған тақырып бойынша студенттердің тәжірибелік сұрақтарына жұмыс беруші ретінде шақырылған, ОҚО дәрілік заттарды сараптау Орталығының сынақ зертханасының меңгерушісі А.Ж. Изтелеуова жеткілікті жауаптар берді. Лектордың дәрілік препараттардың сапасына қойылған фармакопеялық талаптарға ҚР МФ, EurPh, BrPh, USP егжей-тегжейлі салыстырмалы талдау жасауы Ақмарал Жақсылыққызының ерекше қызығушылығын туындатты.

1143 4

Пресс-конференция түрінде өткен дәріс студенттердің оқу материалдары мазмұнының негізгі сәттеріне назар аударуына, материалды меңгеру дәрежесіне, студенттердің білімін жүйелендірілуіне, осы пән бойынша дәріс жұмысының таңдалған жүйесін түзетуге бағытталған болды. Дәрістің соңында лектор студенттердің білімін және қызығушылығын көрсете отырып, қорытынды бағалау сауалнамасын жинақтады.

Материалға баға беріңіз
(6 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар