Көптілділік – табысқа жету жолы

5 Мамыр 2018, 1:57 pm
155 рет оқылды

1142 3

2018 жылдың 30 сәуірінде қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «Көптілділік – табысқа жету жолы» атты тілдік олимпиада өтті.

Олимпиадаға «Жалпы медицина» мамандығының 12 студенті қатысты.

Олимпиада төрт кезеңде өтті:

1 кезең – «Полиглот». Бұл блокта әрбір студентке үш тілге аударылатын екі сөз немесе сөз тіркесі берілді.

2 кезең – таңдаған тақырып бойынша үш тілде жұмысын көпшілікке ұсынылды. Постерлік баяндамаларды қорғаудың негізгі талаптары – үш тілде еркін сөйлеу, таңдаған  тақырыптың және материалдың өзіндік ерекшеліктерін көрсету болып табылады.

3  кезең – тыңдау және тест тапсырмаларын орындау. Бұл блок мәтінді тыңдауды және мәтінге қатысты орыс, ағылшын және қазақ тілдеріндегі тест тапсырмаларын орындауды қамтыды. Бұл блоктың мақсаты – есту арқылы шет тілін түсіну деңгейін тексеру және оған ұсынылған тест тапсырмаларын орындау. 

Олимпиадаға қатысушылар жақсы тілдік білімдерін көрсете білді. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар анықталды. Олар Анаркулова Мафтуна (108 ЖМ/а), Байтанаева Камила (113 ЖМ/б) және Жұмахан Нурила (110 ЖМ/б) болды.

«Көп тілді білу – бір құлыпқа бірнеше кілттің бар екендігін білдіреді» деген екен Вольтер. «Көптілділік – табысқа жету жолы» тілдік олимпиадасының ұйымдастырушылары  үш тілдің қолданылуының өршіл жоспарларын жүзеге асыруға өз үлестерін қосты деп сенеміз.

1142 1

1142 2

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар