Алғыс айту күні - мейірімділіктің жарқын белгісі!

6 Наурыз 2018, 5:27 pm
140 рет оқылды

Қазақстанда 2016 жылдан бастап, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, махаббат пен достықтың мерекесі ретінде Алғыс айту күні аталып өтуде.

Қазіргі таңдағы көп ұлтты Қазақстан - бұл  бірнеше миграциялық толқындардың, елімізге әртүрлі жылдар аралығындағы тұтас халықтардың  қоныс аударуының нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар,  осы адамдардың барлығының қоныс аударып, өмір сүруі - бүкіл Қазақстан халқының үлкен жетістігі. Осы күннің мақсаттарының бірі - азаматтардың өскелең ұрпақты тәрбиелеу бір-біріне төзімділік, достық пен сыйластық сезімі, және - ұлтаралық келісім мен Қазақстандағы этникалық байланыстарды нығайту. Заманауи әлемде  шекарасыз жаһандану әсерінен ғаламшардағы миллиондаған адамдар мигрант болып саналады. Сондықтан, қазіргі ғасырда толеранттылыққа сараптама халық үшін негізгі емтихан болады.

Алғыс күніне орай, біздің академия күнделікті іс-шараларды өткізеді және олардың әрқайсысы өзінің жеке мақсаттарына ие. Студенттік кәсіподақ фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасымен бірге Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс –шараға  Башқұрт мемлекеттік медицина университетінен  келген студенттер: Кинзиябаева Азалия, Султанова Лилия, Шайбекова Ангелина, Хузина Эльвина шақырылды.

1079 1

Қонақтарды осы мерекенің шығу тарихымен, қазақ халқының    салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпымен, оңтүстік қазақстандықтарға тән дастарханмен таныстырды.

1079 2

Сонымен қатар, мерекелік кеш 205 фк Б тобының студенті Қуандық Ануардың орындауындағы  бірнеше күймен жалғасты. Қонақтарды  қазақтарда ең көп таралған музыкалық аспаптың бірі домбыраның шығу тарихы қызықтырды. 

1079 3

Қонақтар жылы шыраймен қабылдағанына, шынайы қонақжайлылығына, жаңа танысуға және мерекелік көңіл - күй сыйлағанына шынайы алғыстарын білдірді.

1079 4

Материалға баға беріңіз
(7 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар