«ҚР дәстүрлі емес діндердің таралу себептері мен зардаптары»

21 Ақпан 2018, 1:25 pm
167 рет оқылды

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Гигиена және эпидемиология» кафедралары мен студенттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 21ақпан күні «ҚР дәстүрлі емес діндердің таралу себептері мен зардаптары» тақырыбында ауқымды психологиялық семинар-тренинг өткізілді.

1068 1

Іс-шараның мақсаты: дәстүрлі емес діндердің пайда болу себептерін және олардың жастарға әсерін анықтау.

Семинарға арнайы ғалым-теолог А.Үсіпәлиев, социолог, Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы С.М.Байзақова, «Жастар ресурстық орталығының» психологы К. Ертаев мамандары шақырылды. Сонымен қатар, семинарға студенттер және аталмыш кафедралар белсенді қатысты.

1068 2

Бұл тақырыпқа деген қызығушылық қазіргі заман жағдайында жаңа діни ахуалдың пайда болуымен байланысты, сондықтан, бүгінгі бірінші кезектегі міндет жоспарлы және терең зерттеу, діни ахуалдың мониторингі болып табылады. Рухани жанғыру үдерістері Қазақстанда бұрын кездеспеген белгілі бір мәселелер анықтады. Мұндай мәселелердің бірі ҚР дәстүрлі емес діндер пайда болуы мен жастарға кері әсері болып отыр.

Семинарға алдын-ала дайындық ретінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары 2 курс «Фармация» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының студенттерімен сауалнама жүргізді. Оның барысында, жастар әр түрлі діни ағымдар туралы барлық теріс ақпараттарды әлеуметтік желілерден, кітапшалардан алатындығы анықталды.

1068 3

Іс-шарада электронды презентациялар дайындалып, ондағы көрсетілген бай бейнематериалдар қатысушылардың қызығушылықтарын арттырды. Сондай-ақ, аудиторияны белсендіру мақсатында психолог К.Ертаев семинарға қатысушылар арасында психологиялық тест және қызықты ойындар өткізді.

Студенттер мен мамандар, оқытушылар арасындағы пайдалы пікірлермен  алмасу жүзеге асты. Іс-шара қорытындысында семинардан шабыттанған ғалым-теолог, журналист А.Усипалиев өзі шығарған қара өлең шумағымен аяқтады.

Материалға баға беріңіз
(6 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар