«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне дейін қолданбалы ғылымдар бакалаврларын қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша мастер-класс

17 Ақпан 2018, 3:06 pm
171 рет оқылды

2018 жылдың  12 мен 16 ақпан күндер аралығында Астана қаласы Денсаулық Сақтауды Дамыту Республикалық «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне дейін  қолданбалы ғылымдар бакалаврларын қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу» атты мастер - класс жүргізілді. 

Семинарға «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті Оразбаева Э.А. қатысты. Семинарды мейіргерлерді дайындау жүйесін жаңғырту саласындағы маман, LicNSc,  медицина ғылымдарының магистрі, мейіргер, LAHTI Қолданбалы ғылымдар университетінің  аға ғылыми жетекшісі Ханнеле Тииттанен  және мейіргерлерге арналған академиялық бағдарламаларды  жаңғырту саласының маманы, медицина ғылымдарының магистрі, аспирант, JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия)  аға оқытушысы Марджо Паловаара жүргізді. 

1067 1

Бұл семинардың негізгі мақсаты - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы ғылымдар бакалаврларын қайта даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын Болон үдерісі және кәсіби біліктілігін танылу үшін Еуропалық Одақ талаптарына сай әзірлеу.

Бұл семинар келесі бөлімдерден тұрды: 

Білім беру стандарттарын салыстыру

Мейіргер ісі білім беру жүйесінде ұзақ мерзімді оқыту 

Оқыту нәтижелері мен жеделдетілген оқыту бағдарламасын жүзеге асыру

Білім беру стандарттарында дипломдық жұмысты енгізу және жасап шығару.

Қайта оқыту мен жеке оқу жоспарын құру үшін ережелер

Жеделдетілген оқытудың білім беру стандарттарын аяқтау және «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы ғылымдар бакалаврларын академиялық бакалавр дәрежесіне біліктілігін арттыру

1067 2

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар