«Қазақты әлемге танытқан Кеменгер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

12 Желтоқсан 2015, 3:47 pm
61504 рет оқылды

665 1 1

Тұнғыш Президент күні мерекесі аясында 2015 жылдың 30 қарашасында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақты әлемге танытқан Кеменгер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөнгелек үстелге «Мейіргер ісі» мамандығының 101-102 топ студенттері және кафедра оқытушылары қатысты.

665 2 2

Бұл іс-шараның мақсаты -жастардың санасында Тәуелсіздіктің және отаншылдық сезімнің құндылықтарын қалыптастыру, ҚР Тұнғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысының басшылығымен  жүргізіліп жатқан  өзгерістердің маңыздылығын, шығармашылық еңбекпен  мемлекеттің одан әрі дамуына әрбір жастардың үлес қосу құндылықтарын насихаттау.

Кафедраның доцент м.а., т.ғ.к. Э.К.Мырзалиева баяндама жасап, тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктерге тоқтала отырып:  «Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Бұл жай ғана жауапкершілік қана емес, сонымен қатар жоғарғы  білімділікке шақыру, кәсіби шеберлікке және шешімдер қабылдауға дайын болу қажет» - екенін атап өтті.

665 3 3

Дөңгелек үстел барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл реформалары, табысты саясаты, орасан зор еңбегі туралы топ студенттері А.Әдімүтәліп,  Л.Жақанша қызықты баяндамалар жасады. Іс-шарада электронды презентациялар дайындалып, ондағы көрсетілген бай бейнематериалдар  қатысушылардың қызығушылықтарын арттырды. Студенттер мен оқытушылар арасындағы пайдалы пікірлермен  алмасу жүзеге асты. 

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар