Ғылыми – клиникалық бөлім

 

2050 жылға Қазақстан экономикалық қуатты, дамыған елдер қатарына кіреді. Бұған «Қазақстан -2050» Стратегиясы бағыт береді, себебі ол бойынша мемлекет білім үдерісі, ғылым, жаңа қазақстандық зияткерлік ұлтты қалыптастыруға көңіл бөледі.  Білім үдерісі жүйесі және ғылым қызметін модернизациялау, халықаралық тәжірибені алуға ашық болу концепцияны жүзеге асырудың негізі болып табылады. 

ОҚМА алты медициналық және фармацевтикалық жоолар арасында зияткерлік қызмет субъектісі ретінде бірінші болып аккредитация жайлы куәлік алды. Бұл академияға мемлекеттік бюджет есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу бойынша байқауларға қатысуға мүмкіндік береді. 2012 жылдан профессор-оқытушылар құрамы әрекеттегі нормативті-техникалық құжаттарына сәйкестендіріліп, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат Орталығында бекітілген бастамалық ғылыми-техникалық жобаларға қатысады. 

ОҚМА-да 2017 жылдан бастап 24 бастамалық ғылыми-техникалық жобалар әрекет етеді. 

Ғылыми–клиникалық бөлімі ОҚМА құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны академияның басқа құрылымдық  бөлімдерімен  әрекеттесіп  жүзеге асырады.

Қызметтің негізгі  бағыттары тұрғындардың  кең ауқымына медициналық көмек  беру және заманауи біліктілік талаптар деңгейіңде ғылыми және ғылыми-педагогикалық  кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған академиялық ғылыми  және клиникалық қызметін оңтайлы және  тиімді басқару. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік  саясатты еліміздің әлеуметтік –экономикалық қоғамдық –саяси дамуының мақсаттары мен басым жақтарын ескеріп жасау және жүзеге асыру. Мемлекеттік  бюджет есебінен  қаржыландыратын ғылыми, ғылыми-техникалық  жобалар мен бағдарламаларды үйлестіру.

Ғылыми–клиникалық бөлімі келесі негізгі функцияларды  жүзеге асырады: ОҚМА-да ғылыми–клиникалық қызмет жағдайын талдайды;  ғылым және клиникалық қызметті қолдауға бағытталған мәселелер бойынша байқау, семинарлар  және конференцияларды  ұйымдастырады; ҒЗЖ және клиникалық жетістіктер нәтижелері бойынша  жұмыстардың басылып шығарылуын  қадағалайды; студенттік ғылыми қоғам жұмысын  үйлестіреді.

ҒЗЖ орындаушылары  академия кафедралары ұжымы, ғылыми мектептер, ғылыми –зерттеу жобаларды  жүзеге  асыруға құрылған уақытша ғылыми ұжымдар болып табылады  ҒЗЖ орындауға магистранттар, студенттер, интерндер, резиденттер қатысады.

Ғылыми –клиникалық бөлімінің бастығы– Ходжакулова Умида Абдувалыевна.

Ғылыми журнал редакторы – Шаймерденова Райхан Агнуарбековна.

Ғылыми –клиникалық бөлімінің инспекторы – Примжарова Асия Азатхановна.

Ғылыми –клиникалық бөлімінің инспекторы – Оналбаева Рита Талгатовна.

 

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар