Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия

 

ОҚМА биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы (БжЖК) жоғарғы оқу орнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін 2007 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.

Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия (БЖжК) – ОҚМА-ның консультативтік-кеңесші органы, сыналатын субъектілермен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігін қорғау, биомедициналық эксперименттерде зертханалық жануарларды пайдалану ережелерін, адамгершілікпен қарау қағидаларының сақталуын бақылау, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің материалдарына этикалық, адамгершілік-құқықтық бағалау мақсатында құрылған.

Комиссия жергілікті деңгейде клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді жүргізу кезінде гуманизм, адамгершілік және биомедициналық этиканың жалпы қағидаларын сақтаумен байланысты барлық мәселелерді қарастырады.

LKpB

Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның төрағасы

«Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., асс. профессор Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы.

 

Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның жетекші маманы,

Хатшысы, медицина ғылымдарының магистрі Асан Айнұр Асанқызы.

 

 

БжЖК қызметінің басты мақсаты биомедициналық зерттеулерге қатысатын адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау болып табылады.

БжЖК өз қызметін келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүргізеді: Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі; ҚР мемлекеттік стандарттары "Тиісті зертханалық тәжірибе" және "Тиісті клиникалық тәжірибе"; Дүниежүзілік медициналық ұйымының Хельсинки декларациясы; Еуропа Кеңесінің адам құқықтары және биомедицина туралы конвенциясы; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының биомедициналық зерттеулерге сараптама жүргізетін Этика жөніндегі комитеті; Эксперименталды және басқа да ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын омыртқалы жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенция; Клиникалық зерттеулерді реттеу саласындағы ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен және зерттеулер этикасы саласындағы халықаралық декларациялары мен нұсқаулары (WHO, ICH-GCP, UNESCO, CIOMS, CE); Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы туралы Ережесі.

 

Комиссияның негізгі міндеттері:

• зерттеу құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;

• зерттеуді жоспарлау және жүргізу сатыларында адам құқықтарының сақталуы мен қауіпсіздігін тәуелсіз бағалау;

• биомедициналық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау.

 

Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді. Комиссия мүшелері 3 жыл мерзімге тағайындалып, келесі мерзімге қайта сайлауға құқықты.

 

Байланыс ақпараты:

«Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия» төрағасы, «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор

Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы.

Ұялы телефон нөмірі: 8-701-767-14-49

Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

«Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия» хатшысы, жетекші маман, медицина ғылымдарының магистрі Асан Айнұр Асанқызы

Ұялы телефон нөмірі: +7-775-150-07-07

Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Аль-Фараби даңғылы №3,

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, №2 корпус,

0-қабат, 013 кабинет.


 

- БЖжК мүшелерінің құрамын бекіту БҰЙРЫҒЫ (pdf файл, 0.5 Mb)

- Ереже  (pdf файл, 1.2 Mb)

- Стандартты операциялық процедуралар (орыс тілінде) (сілтеме Облако-ға)

- Заңнамалық база (сілтеме Облако-ға)

- Жұмыс жоспары (pdf файл, 2.4 Mb)

- Отырыс кестесі (pdf файл, 0.4 Mb)

- Лауазымдық нұсқаулықтар (сілтеме Облако-ға)

- БЖжК байланыс ақпараты (pdf файл, 0.2 Mb)

- БЖжК жұмысының жылдық есебі (сілтеме Облако-ға)

- Керекті құжаттардың тізімі  (pdf файл, 0.5 Mb) 

- Ақпараттық келісім парағы (орысша) (pdf файл, 0.2 Mb)

- Өтініш үлгісі (pdf файл, 0.3 Mb)

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар