Ақпараттық хат

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жоғары оқу орны болып қалыптасуының 40-жылдық мерейтойына арналған 2019 жылдың 11-12 қазанында Шымкент қаласында өтетін медицина мен фармацияның өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға іргелі және клиникалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға болады.

Конференцияға қатысу формалары:

1. Пленарлық мәжілісте сөз сөйлеу туралы ауызша баяндама.

2. Ауызша баяндама және секциялық отырыстардағы мақалаларды жариялау.

3. Стендтік баяндама (арнаулы плакат).

Сіздер акушерлік және гинекология, анестезиология, жедел және шұғыл жәрдем, мейіргер ісі, ішкі аурулар, дерматовенерология, жұқпалы аурулар, фармакология, фтизиатрия, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, эпидемиология, молекулалық медицина бойынша, биофизика, биохимия, молекулалық, жасушалық генетика, жүйке аурулары, жалпы хирургия, фармация онкология және т.б. бойынша мақалалар жібере аласыздар.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар «ОҚМА Хабаршысы» ғылыми журналында жарияланатын болады. 

Алыс және жақын шет елдерден келген қонақтарға түркітілдес елдердің астанасы, ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы болып табылатын ежелгі Түркістан қаласына экскурсия ұйымдастырылады.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 10 тамызына дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасынан тіркеуден өту керек.

Толық ақпаратты және форманы толтыру бойынша ұсыныстарыңызды Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасынан алуға болады.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті: 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фраби даңғылы, 1, тел: +7 (7252) 40-82-22, e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., академия сайты: www.ukma.kz

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар