Миссия, Білім беру жүйесіндегі орны, құндылықтары мен этикалық қағидалар

 

 

Миссия

Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзыреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын  дамыту арқылы медицина және фармацевтика салаларында жылдам өзгеретін кез-келген жағдайларға тез үйренетін медициналық және фармацевтикалық саладағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды Оңт.стік аймақ пен бүкіл Республика үшін дайындау. 

 

Білім беру жүйесіндегі орны

Дені сау, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған тиімді білім беру жүйесі, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін медициналық және фармацевтикалық кадрлардың кәсіби деңгейін жақсарту. 

 

 

ОҚМА өз миссиясын жүзеге асыруға негізделген негізгі этикалық қағидалар:

ОҚМА ПОҚ жоғары кәсібилігі қағидасы – бұл дайындықтың барлық деңгейіндегі білім алушыларға сапалы білім беру қызметін ұсынатын  ПОҚ-ның өз білімдері мен дағдыларын үнемі жетілдіруі. 

ОҚМА-дағы сапа қағидасы  - қазақстандық білім беруді жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру болып табылады, оның басты бағыты жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің  өзекті және перспективті сұранысына сәйкес білім беруде қазіргі заманауи сапамен қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар мен ғылым мен тәжірибедегі жаңа жетістіктерді оқу процесінде, ғылыми-зерттеу қызметтерінде және кеңес беру-диагностикалық жұмыстарда қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.

Оқу бағдарлау қағидасы - білім беру бағдарламаларының икемді траекториялары бойынша студентке орталықтаныдырылған  оқу процесін іске асыру, еңбек нарығында тез өзгеріп отыратын экономикалық жағдайлар мен қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, білім алушыларға олардың кәсіби өсуі үшін барынша тиімді жағдайлар жасау, мотивацияны дамыту және білім беру нәтижелерін бақылау, білім беру бағдарламаларын үздіксіз жаңарту, тиімді кәсіби қызметі үшін қажетті білімі мен біліктілік шеңберін кеңейту.

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар